«Қостанай облыстық филармониясы» КМҚК Өмірзақова «Қостанай облысы мәдениет басқармасының» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » ҚР Заңының 8-бабына сәйкес 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 

 

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Назымбек Молдахметовті «Наз-ғұмыр»  атты еске алу кеші өтті. Филармонияда өткен тағзым кешінде  Назымбек Молдахметовтің еңбектері, шығармашылығы мен Тобыл-Торғай өңірінің мәдениетіне қосқан үлестері туралы естеліктер мен өмір жолы жайында жылы сөздер айтылды. Астанадан арнайы келген мейман, Наз-ағаның өмірдегі де, өнердегі де досы, белгілі күйші Сәрсенғали Жүзбаев бұл кештің қонағы болды. Кеште, Назымбек Молдахметовтің шәкірттері М.Нұрғалиев, Ы.Есжанов, Қ.Қиысқан, М.Хамитов және өнердегі досы М.Кәдіров өнер көрсетті.

Жастар сарайы концерт залында Наурыз мерекесіне орай «Әнім сен едің» концерті өтті. Мерекелік концертте Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрімен бірге облыстық филармонияның солистері өнер көрсетті. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына ұйымдастырылған тамаша кеште отандық композиторлардың танымал әндері, аспаптық шығармалары, халқымыздың музыкалық дәстүрлерін паш ететін туындылар шырқалды.

Кеш бағдарламасында Ш. Қалқаяқовтың «Ана туралы жыр»,

Н. Тіленидиевтің «Куә бол», Ә.Бейсеуовтің әндеріне попурри және басқа да көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған шығармалар орындалды.

   Сан алуан әуезді әуендер кеш көрермендеріне шаттық пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

14 наурыз күні Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Наурыз мейрамының бастауы «Амал келді – жыл келді»  мерекелік іс-шара атап өтті. Көрісу күні – Амал мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада қызметкерлер мен көрермен салт-дәстүрлеріміз туралы көрініс тамашалады. 

Ұлттық ойындардан түрлі жарыстар өтіп, қатысушылар қазақ халқының тағамдарынан дәм татты.

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында камералық оркестрдің мерейтой концерті өтті.

Қостанайлық камералық оркестрінің репертуары бай және алуан түрлі. Жиырма жыл ішінде ұжым өз концерттерінде әртүрлі жанрлар мен стильдерде көптеген шығармаларды орындады. Әртістер мұнымен тоқтап қалмай, жаңа шығармашылық шыңдарды бағындыруды жоспарлауда. Ұжымның 20 жылдығына арналған мерекелік концерт осының жарқын дәлелі болды.

 

Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жастар камералық хорының «Ән шуағында» атты концерті өтті. Хор жетекшісі және дирижері – Қазақстанның «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жақаева Салтанат Әнуарбекқызы, концертмейстер Бахытгүл  Түкенова. Кеште ұлттық колариті қанық дәстүрлі әндермен қатар әлемдік классиканың небір жауһарлары көрерменге ұсынылды. Концертте ҚР мәдениет қайраткері-Серік Әбілев, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының актерлары өнер көрсетті.

 

Ұлттық театр және кино өнерінің негізін қалаушы, халық әртісі, КСРО мемлекеттің сыйлығының иегері, аты аңызға айналған жерлесіміз Елубай Өмірзақовтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.

Кеш шымылдығы Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында Айтқали Жайымовтың «Той бастар» туындысымен басталды. Мерейтойлық іс-шарада өнерсүйер көрерменнің көңіл төрінен орын алған шығармалар орындалды. Ұйымдастырылған ғажайып ән кеші көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

«Forte trio» мемлекеттік триосының концерті
Бірегей қазақстандық аспаптық ансамбльдің концерті Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында өтті. Әртістердің орындауында әлемдік мәдениеттің жауһарлары деп танылған туындылар, белгілі романстар, қазақстандық және американдық композиторлардың шығармалары орындалды.
«FORTE TRIO» кең репертуарында классикалық шығармалар, халықтық және джаз музыкасы бар.
Бұл камералық орындаушылық жанрындағы ең танымал ансамбль және әзірге осындай аспаптар құрамы бар Қазақстандағы жалғыз музыкалық ұжым.