Қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

2002 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясына түсіп, оны 2006 жылы «Дәстүрлі музыка өнері. Халық аспаптары» мамандығы бойынша бітірді.
2008 жылы Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері ретінде шақырылды.
2013 жылы Құрманғазының 190 жылдығын тойлау аясында 1000 адамнан құралған оркестрге қатысып, Атырау қаласында Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйіне дирижерлік етті.

Жетістіктер мен марапаттар:

  • «Көкшетау тал бесігім-2011» Халықаралық фестивалінің дипломанты (Көкшетау қ., 2011 ж.);
  • Н. Тілендиев атындағы халықаралық дирижерлер байқауының дипломанты (Астана қ., 2013 ж.);
  • «Еуропа-Азия» Халықаралық фестивалінің Гран-при жүлдесі (РФ, Магнитогорск қ., 2013 ж);
  • Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (Қостанай қ., 2017 ж.);
  • Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің грамотасы (2019 ж.);
  • М.Төлебаев атындағы V Халықаралық байқауының «Алтын таяқша» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреаты (Талдықорған қ., 2019 ж.);
  • «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі (2020 ж.).

 

 

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.