«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
1990 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, 2006 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «Аспапта орындаушы» мамандығының толық курсын аяқтады.
1998 жылдан бастап Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының солисі болып жұмыс істейді. Негізі бағыты толғау, терме жанры, дәстүрлі ән.
Халық ақындарының, қазіргі композиторлардың шығармаларын орындай отырып, жергілікті авторлардың шығармашылығы негізінде репертуар қалыптастырады.
Халық ақыны Н. Наушабаевтың шығармашылығын зерттеу және жазу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Қазақ өнерін елімізде, жақын және алыс шет елдердің үздік сахналарында насихаттап, қазақ мәдениетінің шарықтауына өз үлесін қосуда. Ол Ресей, Корея, Словакия республикасында өткен халықаралық фестивальдерге, Германиядағы дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысты.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық конкурс-фестивальдің Бас жүлдесі (Астана қ., 2015 ж.);
  • Халықаралық вокалистер байқауының бірінші сыйлық лауреаты (РФ, Екатеринбург қ., 2016 ж.);
  • «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2017 ж).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.