Орыс халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері.
«Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағының иегері.
1974 жылы Челябі мемлекеттік мәдениет институтына түсіп, оны 1984 жылы «Халық аспаптар оркестрінің жетекшісі» мамандығы бойынша бітірді.
1985 жылдан бастап облыстық филармонияның орыс халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.
Орал аймақтық жас дирижерлер байқауы (Ресей), «Music games» Республикалық Жас музыканттар байқауы (Қазақстан) сияқты көптеген байқаулар мен фестивальдердің қазылар алқасының тұрақты мүшесі.
Облыстың өнер және мәдениет мекемелерінде педагогикалық қызметпен белсенді айналысады. Оның оқушылары облыс, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының көптеген ұжымдарында шеберлік шыңдарына қол жеткізді.
Жетістіктер мен марапаттар:
- Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2010 ж.);
- Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің грамотасы (2019 ж.).