«Костанайские зори» хореографиялық би ансамблінің жетекшісі.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Президентінің Жарлығы (2018 ж.).
1992 жылы Қостанай мәдениет училищесіне түсіп, оны 1995 жылы «Мәдени-демалыс қызметі» мамандығы бойынша бітірді.
1996 жылы Челябі мемлекеттік педагогикалық университетіне түсіп, 1999 жылы хореография факультетін бітірді.
2009 жылы Челябі өнер және мәдениет академиясында «Көпшілік қойылымдарының режиссері» мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, 2014 жылы бітірді.
1994 жылдан бастап Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Костанайские зори» халық би ансамблінің балетмейстері болып жұмыс істейді
Ресейде (Челябі, Тюмень, Екатеринбург) өткізілетін хореографиялық өнер фестивальдерінің халықаралық қазылар алқасының тұрақты мүшесі.
Жетістіктері мен марапаттары:
- Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2010, 2017 ж.ж.);
- «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Президентінің Жарлығы (2018 ж.);
- ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаты (2018 ж.);
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2019 ж.).