«Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі.

2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, оны 2013 жылы «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша бітірді.
2015 жылы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға, Қазақ халық аспаптар оркестріне әртіс-аспапшы болып қабылданды.
Сондай-ақ, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің аспапшы-әртісі қызметін де атқарады.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • III Халықаралық «Орал қоңырауы» оркестрлер мен халық аспаптар ансамбльдерінің конкурс-фестивалінде диплом (РФ, Уфа қ., 2016 ж.);
  • Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2018 ж.);
  • Каир және Даманхур қалаларындағы концерттерге қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Мысырдағы елшісінің алғыс хаты (Астана қ., 2018 ж.);
  • Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасына арналған Халықаралық фестивальға қатысқаны үшін сертификат (Қостанай қ., 2018 ж).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.