Көркемдік жетекшісі – Ыбырай Есжанов.
«Ақжелең» фольклорлық ансамблі 1994 жылы құрылды.         
Ұйымдастырушы және көркемдік жетекшісі Назымбек Молдахметов болды.
Фольклорлық ансамбль үшін Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптары бөлімінің студенттерінен болашақ музыканттар іріктелді.
Ансамблді құрудың негізгі мақсаты: көне қазақ халық аспаптарының дыбысталуын қайта жаңғырту, дала халқының фольклорлық–этнографиялық шығармаларының әуенділігі мен тереңдігін жаңғырту болды.
Репертуардың негізін қазақ фольклорының жанрлары – күйлер, термелер құрайды. Ансамблдің өзіндік ерекшелігі орындалатын шығармалардың алғашқы дыбыстарынан-ақ айқын көрінеді. Ұжым Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет  Өтемісұлының және басқа да көрнекті қазақ композиторлардың шығармаларының тереңдігін тыңдарман қауымның жүрегіне жоғары шеберлікпен жеткізеді.
«Ақжелең» – халық аспаптарында орындаушылардың көптеген конкурстары мен фестивальдерінің лауреаты. Еліміздің және шетелдің беделді концерттердің қатысушысы.

Жетістіктері мен марапаттары:      

  • «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты (Астана қ., 2003 ж. );
  • ТМД және Балтық елдері халық шығармашылығы Халықаралық фестивалінің дипломы (РФ, Растов-на-дону қ., 2004 ж.);
  • Халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің Халықаралық байқауының лауреаты (Корея, 2005 ж.);
  • Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2008 ж.);
  • «Еуропадағы қазақтар құрылтайы» қатысушы дипломы (Франция, Германия);
  • «Рамазан кеші» Халықаралық мұсылман халықтары фестивалінің қатысушы дипломы (Египет, 2018 ж.);
  • Италиядағы «Паранзас Этноданза» 43-ші Халықаралық би және музыка фестивалінің қатысушы дипломы (Сардиния, 2019 ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.