2012 жылы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-техникалық колледжіне түсіп, оны «Ән айту» мамандығы бойынша 2015 жылы бітірді.
2015 жылы Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына солист-вокалист болып қабылданды.
2019 жылы Челябі мемлекеттік университетін бітіріп, «Экономика бакалавры» дипломын алды.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «IX жастар Дельфий ойындары» мульти-мәдени өнер форумының дипломанты (Астана қ., 2013 ж.);
  • «Сиқырлы өнер жолы» ІІ Халықаралық байқау-фестивалінің ІІІ дәрежелі лауреаты (Алматы қ., 2013 ж.);
  • Қазақстандық және ресейлік жұлдыз, музыкант, әнші және композитор, Қазақстанның ЮНИСЕФ-тегі ерікті елшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Батырхан Шүкенов атындағы «Отан Ана» республикалық әншілер байқауының дипломанты (Қызылорда қ., 2016 ж.);
  • Халық әртісі, композитор Е. Хасанғалиевтің IX халықаралық ән орындаушылар фестивалінің дипломанты (Орал қ., 2017 ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.