Украинаның еңбек сіңірген әртісі. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
1987 жылы Гнесиндер атындағы Жоғары мемлекеттік музыкалық училищесіне түсіп, 1992 жылы «Ән айту» мамандығы бойынша бітірді.     
Пятницкий атындағы академиялық хорда, Үлкен театрда жұмыс тәжірибесі бар (Мәскеу қ.).
2000 жылы Қостанай облыстық филармониясына солист-вокалист болып қабылданды.
Оның репертуарында қазақстандық, ресейлік, еуропалық классиктердің, заманауи композиторлардың екі мыңнан астам шығармалары бар. Қазақ, орыс, итальян, украин тілдерінде ән айтады.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Халықаралық вокалистер байқауының ІІІ дәрежелі лауреаты (РФ, Қорған қ., 2017 ж.);
  • Республикалық «Ақ шық» жобасының І облыстық фестивалінің лауреаты (Қостанай қ., 2017 ж.).
  • «Украинаның еңбек сіңірген әртісі» атағының иегері (2018 ж.);
  • «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2019 ж.)

 

 

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.