Көркемдік жетекші, бас дирижер – «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағының иегері Анатолий Заруба.
Дирижер –  Наталья Вильянова.
Құрылған жылы – 1985 жыл.
Қазақстан Республикасының Халық әртісі Лаки Кесоглу, Белоруссияның еңбек сіңірген әртісі Клавдия Старикова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Александр Калугин және Балжан Жүсіпбеков, М.И. Глинка атындағы Халықаралық вокалистер байқауының дипломанты Үсен Іңкәрбаевтар оркестрмен бірге жұмыс істеді.
Ұжымда дарынды музыканттардың үшінші буыны жұмыс істейді.
Орыс халық аспаптар оркестрі Қазақстанның белді концерттік бағдарламаларында өнер көрсетуімен танымал.
Еліміздің және Ресейдің көптеген ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатып, тәжірибе алмасуда.
Ұжымның бағдарламалары Қазақстанның музыкалық өнерінің «Алтын қорына» енгізілген.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Гауһар тас» республикалық байқауының лауреаты (Петропавл қ., 2014 ж.);
  • Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2015 ж.).

 

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.