1995 жылы «Флейта» мамандығы бойынша Қостанай орта мамандандырылған музыка мектебін бітірді. 2002 жылдан бері Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының эстрадалық жанрдағы солисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А. С. Евсюковтың жетекшілігімен ұйымдастырылған Қостанай қаласының муниципалды джаз музыкасы оркестрінің әншісі.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Сары-Арқа жұлдыздары 2007» республикалық жас вокалистер байқауының Бас жүлде иегері (Теміртау қ., 2007 ж.);
  • «Рок – Вокал» әлемдік орындаушылық өнер чемпионатының қола медалі (АҚШ, 2008 ж.);
  • «Эстрада және цирк өнері» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының иегері (Астана қ., 2008 ж.);
  • Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2017 ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.