Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның камералық хордың жетекшісі

Салтанат Жақаева Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «Хорды дирижерлау» мамандығы бойынша тәмамдап, «Хор дирижері», «Хор пәндерінің оқытушысы» біліктілігін алды. Ол 2003 жылы Алматы қаласында өткен ҚР хор ұжымдары арасындағы «Үздік музыка мұғалімі» республикалық байқауының лауреаты, 2015 жылы Астана қаласында өткен «Соғыс жолдары» халықаралық студенттік фестивалінің лауреаты, 2015 жылы Екатеринбургте өткен Бүкілресейлік халықаралық хор байқауының лауреаты атанды.

Салтанат Жақаева 2020 жылы Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияда камералық хор ұйымдастырып, алғашқы қадамдарын жасап, көптеген жобаларды жүзеге асыруға өз септігін тигізіп жатыр.

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.