Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы Сүндет Байғожин Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнның басшысы Жеңіс Сейдуллаұлымен кездесіп, мекемелер арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар әртістердің тәжірибе алмасуына барынша жағдай жасап, бірлескен түрлі шараларды ұйымдастыруға және жаңа жобалармен жұмыс жасауға уағдаласты.

«Мақсатым қол қойылған келісім шартты іс жүзінде жоғары деңгейде орындау. Пандемия уақытын тиімді пайдала отырып, осындай келісімдерді ретке келтіргеніміз жөн. Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге одан әрі қол жеткізіп, табысты жұмыс істеуімізге септігі тиеді», – деді филармония басшысы С. Байғожин.  

Кездесу барысында филармония басшысы Сүндет Абдрахманұлы өнердің киелі ордасын 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, екі мекеме арасындағы әріптестік қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретіндеріне сенім білдірді.

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.