Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң  – Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.

Ата Заңымыз еліміздегі барлық жетістіктердің бастауы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін серік.

Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Б

аршаңызға, көп ұлтты елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке, қоғамдық тұрақтылық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!

 

Құрметпен,
Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық
филармониясы басшысының м.а.

Берік Оразалин.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.