2021 жылғы 14-15 желтоқсанда этномәдени дәстүрді қалыптастыру, мәдениетаралық және этносаралық қатынастарды нығайту, сондай-ақ түркі халықтарының рухани мұрасын сақтау және танымал ету мақсатында Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Түркі әлемі»II Халықаралық фестивалі өтті.Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізілді. Іс-шараға қатысу үшін Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан Республикасынан, сондай-ақ Алматыдан қонақтар келді.Қостанайлықтар үшін кавалист және профессор Джихан Юртчу және вокалист, түрік музыкасы мемлекеттік консерваториясының педагогы Гюльарам Балтаева (Түркия); «Нилюфар» ансамблі (Өзбекстан); «Акак» (Қырғызстан): «Республика» ансамблі (Башқұртстан); «Тұран» ансамблі (Қазақстан) өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаға Назымбек Молдахметов атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі қатысты.
Поделиться: