27 сәуір күні Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жастар камералық хорының «Ән әлемінде» атты тұңғыш концерті өтті. Хор жетекшісі және дирижері –Қазақстанның «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері – Жақаева Салтанат Әнуарбекқызы. Ұлттық колариті қанық дәстүрлі әндермен қатар әлемдік классиканың небір жауһарлары көрерменге ұсынылған кеште, жеке дауыста – Зарина Құлмұхамбетова, Ақния Жеңіс, Қабыкенов Нұриден, Гүльмира Насырова, Динара Намиялы, жеке аспапта – Евгений Конев, Еркінбек Жынғылбаев және Данияр Рысбеков өнер көрсетті. Концертке келген көрермендер өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, әсерлі кештің куәгерлері болғанына қуанып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Поделиться: