Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында 20 сәуір күні, сағат 18:30-да V Халықаралық дирижерлар форумы аясында Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.  Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен осымен V мәрте өтіп отырған дәстүрлі форум бұдан былай, осы жобаның авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Молдахметовтің атымен аталатын болады.

Форумға еліміздің әйгілі музыканттарымен қатар, шетелдік меймандар да қатысты. Бұл тәжірибе алмасу өнер қоржынына ортаймас олжа салары анық. Кеште Бактыбек Тилегенов – Бішкек қалалық мэриясының халық аспаптар оркестрі мен үлкен симфониялық оркестрінің бас дирижері, Қырғызстанның халық әртісі /Қырғызстан, Бішкек қ./, Алибек Кабдурахманов – Өзбекстанның Ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері /Өзбекстан, Ташкент қ./, Дәурен Ғылымов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /Нұр-Сұлтан қ./, Әділет Азбаев – «Мәдениет саласының үздігі», халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты /Нұр-Сұлтан қ./, Аслан Өтебаев – Боздақ Рзаханов атындағы III республикалық  «Сиқырлы таяқша» дирижерлер байқауының лауреаты, Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері,  филармонияның жетекші солисі,  «Украинаның еңбек сіңірген әртісі» Игорь Коропецкий,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлбану Абдулина, әнші Қанат Ражанов, филармония солисі Дарья Исаченко, халықаралық және республкалық конкурстардың лауреаты, филармония солисі Зарина Құлмұхамбетова, республикалық байқаулардың лауреаты Алмагүл Қаратаева,  филармония солисі Ақния Жеңісқызы өнер көрсе

Поделиться: