14 сәуір күні Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы ұжымы Қостанай қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына арнайы барып, мерекелік шара ұйымдастырды.

Мақсат – қамкөңіл балғындарды рухани серпілдіріп, өмірге деген құлшынысын ояту. Іс-шара барысында филармония артистері өнер көрсетіп, ән шырқап, балаларға арнап аниматорлық туындылар көрсетілді. Кеш соңында орталық тәрбиеленушілеріне түрлі сыйлықтар табыстады.
Бұл өмірлік қиын жағдайдағы балалар үшін тосын сый болды, сол үшін де өте жылы қабылдап, риясыз алғысын білдірді. Жалпы, биылғы балалар жылына орай филармония басшылығы көптеген жобаларды жүзе асырмақ. Бүгінгі шараның қасиетті Рамазан айында өтуі кездейсоқтық емес. Мейірім, шапағат айының құрметіне орай филармония ұжымы қаржы қосып, мұқтаж балаларға көмек бергенін айта кеткен жөн.

Поделиться: