Туған елін қоңыр үнмен тербеп, тарихы мен дәстүрін әнімен өрнектеген өнер майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, ақын, әнші с шығармашылығы көпшілікке таныс.

Хатимолла Жәңгірұлының  репертуарында қазақтың үш жүзден астам халық әндері, Бұқар, Базар, Қашаған жыраулардың  терме-жырлары, Мұхит Мералиевтің, Ғарифолла Құрманғалиевтің  және халық композиторларының әндері де бар. Қазақ радиосының алтын қорына Х.Бердіғалиевтің өнері туралы хабар және «Ел» продюссерлік орталығында жазылған  83 әні енгізіліп, қазіргі таңда ұлтымыздың үн жариясының әуе толқынында әуелеп келеді.    

Хатимолла Бердіғалиев есімі алты алашқа мәлім болған, айтыс пен ән өнерінде елінің ықыласына бөленген дарынды тұлға.

Биылғы жылы, өнер қайраткері Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы қолдауымен, Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы ұйымдастыруымен 2022 жылдың 18 мамыр күні сағат 18:30 да дәстүрлі әнші, жыршы-термеші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің «Шырқал ән,төгіл дауыс» атты өнер кеші өткізілді.

Кеште, ҚР Мәдениет саласының үздігі «Құрмет» ордені мен Дарын сыйлығының иегері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары
оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижёрі Еркін Шаяхметұлы Нұрымбетов, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, 
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрханов, Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Поделиться: