29 қыркүйек күні, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында, Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің он үшінші маусымашар «Шаттық елі» атты концерті өтті.

Маусымашар мерекесінде мәртебелі мейман ҚР «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің және «Халық алғысы» медалінің иегері Қайырлы Ғафуров өнер көрсетті.

Кеште, кеңінен танымал, заманауи репертуарға еніп, оркестрге түсірілген шығармалар орындалды. Айтқали Жайымов «Шаттық елі», Ғарифолла Құрманғалиев «Сәлем, Қазақстан»,  Иса Байзақов «Желдірме»,  Халық әні «Он алты қыз» сынды әндер талғампаз тыңдарманға ерекше қуаныш сыйлады. Кеш, кәсіби биік деңгейді өтіп, қостанайлықтарды көркем әндерімен сусындатты.

Поделиться: