Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның камералық оркестрі кезекті концерттік маусымын жаңа «Soundtrack» атты жобасымен бастады.

 

Концерттік бағдарламада 80-90 жылдардағы әйгілі фильмдердің музыкасы, шығыс музыкасы, кеңестік дәуір кезеңіндегі киномузыканың тамаша туындылары және соңғы шыққан танымал фильмдер мен сериалдардың саундтректері өнер сүйер көрерменге ұсынылды. Барлық әндерді өңдеген: Геннадий Стаканов.Кешке қатысқандар: «DosStar» тобы, Айсұлу Тұтқышева, Алуа Мұсарипова, Зарина Құлмұхамбетова, Анастасия Черкова, Наталья Вильянова, Мәлік Нұрғалиев, педагогикалық колледждің хоры, Нұрсұлу Құснетова, Руслана Пономарева, Азамат Ибраев, «Artist» студиясы, «Зарянка» би ансамблі және жүргізуші Николай Бочанов.

Поделиться: