Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенованы қолдауға арналған «Ерке құсым» атты қайырымдылық концерті өтті.

Халқының сүйікті қызына айналған Ғазиза Жұмекенова –қарт Торғай топырағында, Батпаққара табанында, суы тұнық, нуы бітік Байғабыл өзені жағасында дүниеге келген. Бүгінде ол Тобыл-Торғайдың ғана емес, барша қазақтың сүйікті әншісіне айналды. Қайырымдылық концертке облыстық мәдениет басқармасы, Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы ерекше күш салып атсалысты.

Кеште, «Ақжелең» ансамблі, «Костанайские зори» би ансамблі, Айжан Санай, Ерболат Ибраев, Талғат Молдағалиев, Азамат Мұқатов, «Зарянка» би театры, Фариза Жоламанова, Қанат Ражанов, Серік Алпыс, Бағдат Оспанов, Тасқын Әжібай.

Қайырымдылық концертінен жиналған барлық қаражат Ғазиза Жұмекенованың еміне жұмсалатын болады.

Поделиться: