Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында 25-26 қараша күндерді халықаралық «Jazz Bomond-2022» джаз фестивалі өтті. Фестивальге еліміздің әйгілі музыканттарымен қатар, шетелдік меймандар да қатысты. Бұл тәжірибе алмасу өнер қоржынына ортаймас олжа салары анық.

Дәстүрге айналған беделді шарада, Челябі қаласының «Уральский диксиленд» ансамблі, Петропавл қаласынан келген үрмелі аспаптар оркестрі мен ҚР Ұлттық Ұланы академиясының әскери оркестрі, Талдықорған қаласының үрмелі аспаптар оркестрі, Қостанай қаласының концерттік «Big-Band» оркестрі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Құрмаш Махан өнер көрсетті.

Поделиться: