Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанда Жастар Сарайында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің жаңа жылдық жаңа жобасы «Magic Hit» атты концерттік бағдарламасы өтті.

Филармонияның музыкалық редакторы Геннадий Стакановтың өндеуінде жаңажылдық композициялар – Джули Стайн «Let It Snow»; Эндрю Ллойд Уэббер «Memory»; Эдуард Ханок «Зима»; С. Березин «Снег кружится», т.б. орындалды.

Астор Пьяццола «Либертанго»; Майкл Джексон «Bad» шығармаларын орындауында бишілер де көрерменді таңқалдыра білді.

Әрине қазақ оркестрінің орындауында Boney M.  «Sunny»; Abba «Happy New Year»; Батырхан Шукенов «Нелюбимая» шығармалары ерекше сезімге бөледі.

Сонымен қоса Т. Мухамеджановтың «Інкәрім-ай»; «Юность» («Махаббат станциясы» кинофильмінен) шығармалары орындалды.

Концертте астаналық қонақтар дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық университетінің профессоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәурен Ғылымов және әнші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Хамит Отарбаев өз өнерлерін көрсетті.

Поделиться: