25 қаңтар күні Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында «Славянская песня» ансамблінің «Мне хорошо с тобой» атты концерттік кеші өтті. Ансамблдің жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» Татьяна Ивлева.

Өзіндік қолтаңбасы, ерекше репертуары бар ансамбль өз көрермендерін әсем әнмен сусындатып, керемет көңіл-күйге бөледі. Концерт «Под окном широким» орыс халық әнімен ашылды. Сонымен қоса К. Брейтбургтің «Сердце земли моей»; А.Макаревичтің «Дорога в небо»; С.Трофимовтың «За тихою рекою», т.б әндерін орындады. Бұл кеште ансамбль қазақ әні «Ақ қайыңды» орындады (белгілі әнші Асқар Жүнісбековтың орындауындағы).

Кеште, «Костанайские зори» би ансамблі және филармония аспапшысы Павел Латышев өнер көрсетті.

Поделиться: