27 қаңтар күні Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік залында камералық оркестрдің концерті өтті. Бас дирижер – Тарас Мызин.

Ұжымның орындауында оркестрдің өткен жобаларының үздік хиттері: заманауи авторлардың шығармалары – Т. Мұхамеджановтың «Детство»; Ерлан Кокеевтің «Сен»; Виа ГРа тобының «Бриллианты»; Билл Конти «Gonna Fly Now «Рокки Бальбоа» фильмдер сериясынан; Whitney Houston «I Will Always Lowe You»; В.Цой «Попурри» және т.б. орындалды.

Концерт педагогикалық колледж студенттерінің импровизациясындағы пираттардың рөлін сомдауымен «Пираты Карибского моря» фильмдерінің сериясынан Клаус Баделттің шығармасымен аяқталды.

Концертте филармонияның солистері мен шығармашылық ұжымдары, «Артист» балалар шығармағылық мектебі, «Зарянка» балалар би театры, педагогикалық колледждің студенттері өнер көрсетті.

Поделиться: