28 ақпанда Жастар Сарайында Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жастар камералық хорының «Ән шуағында» атты концерті өтті. Қостанай жерінде тұңғыш құрылған жастар камералық хорының көркемдік жетекшісі Мәдениет саласының үздігі, белгілі дирижер – Салтанат Жақаева.

Кеште, әйгілі классик композиторларының белгілі шығармалары орындалды. Сондай-ақ «Күй атасы» – Құрманғазының 205 жылдығына арнап композитор Сейдолла Бәйтерековтың «Күй» шығармасы заманауи сарынмен өнер сүйер көрерменге ұсынылды. Камералық хордың орындауындағы Жаяу Мұса, Сәкен Сейфуллиннің, Георгий Свиридов, Иоганн Себастьян Бах және т.б. композиторлардың шығармалары әнсүйер көрерменнің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.

 Концерттік бағдарламада Дарья Исаченко, Евгений Конев, Ербол Сеит, №1 музыка мектебінің балалар хоры өз өнерлерін көрсетті.

Поделиться: