07 қыркүйек күні, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының
Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің
«Амангелді дүбірі» атты маусымашар концерті өтті.
Халық батыры, Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің Бас сардары Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған кешке Алматыдан арнайы Амангелді Үдербайұлының туған немересі, техника ғылымдарының кандидаты Амангелдиев Батырлан Рамазанұлы қатысты.
Ұлы даланың дарабоз перзенті, азаттық күресінің алауын жаққан халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған концертте: Манапбек Кәдіров, Талғат Молдағалиев, Айжан Санай, Қанат Ражанов, Данияр Рысбеков, «Жанерке» триосы өнер көрсетті.