06 қазанда Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның камералық оркестрінің концерті өтті. Көрермендер «Vetus Perfomans» атты барокко және классицизм дәуіріндегі ең танымал музыка жауһарлары орындалған кештің куәсі болды.
Концертке филармония солистері, педагогикалық колледж хоры және «Индиго» би ұжымы қатысты.