«Jazz bomond-2023» фестивалі Қостанай облысының ғана емес, еліміздің де брендіне айналды! Айта кету керек, бұл жоба қазақстандық мәдени іс-шаралар тізімінде лайықты орын алып, өзін ең ірі джаз алаңы ретінде көрсетті.

2004 жылдан бастап «Jazz bomond» Қостанай облысы әкімінің және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өткізіліп келеді. Мақсаты-халықаралық мәдениетаралық диалогты нығайту болып табылатын бұл іс-шара осы жылдар ішінде көптеген ұлттарды бір сахнада біріктірді.

Халықаралық фестивальге: «Kicken Jazz Orchestra» /Екатеринбург қ., РФ/, «DV-show» /Челябинск қ., РФ/, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе филармониясының қазақ камералық хоры, эстрадалық және джаз музыкасы оркестрі /Петропавл қ., ҚР/ қатысты.

Фестиваль 25 қараша күні Гала-концертпен аяқталды, «Jazz bomond -2023» халықаралық джаз фестивалі көрермендерді тағы да джаз классикасымен қуантты. Концерттік бағдарлама соңында фестивальге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті

Поделиться: