12 желтоқсан күні Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында IV Халықаралық «Түркі Әлемі» фестивалі өтті.

«Түркі әлемі» – достық фестивалі. Халықтарды рухани жақындастыратын жарқын музыкалық жоба. Қостанай облысының өнердегі бойтұмары атанған халықаралық фестивальге биыл Башқұртстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан үздік әртістер келді.

         Фестивальге дәстүрлі түркі мәдениетінің нағыз тасымалдаушылары болып табылатын жарқын орындаушылар қатысты: «Ақжелең» ансамблі, «Дэрт» ансамблі /Башқұртстан/, «Күү булак» ансамблі /Қырғызстан/, «Тараннум» ансамблі /Өзбекстан/ және филармония солистері.

Поделиться: