Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің 15 жылдығына арналған «Тобыл-Торғай толғауы» атты мерейтой концерті өтті.

Салтанатты кеште шетелден келген әйгілі өнер ұжымдарымен бірген филармония солистері сахна төріне шықты. Мәртебелі меймандар Өзбекстанның халық әртісі Фарук Садыков, «Мәдениет қайраткері» Нұрлан Бекенов, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстанның танымал ансамбльдері оркестрмен бірге өнер көрсетті.

Кеште, кеңінен танымал оркестрге түсірілген шығармалар орындалды. Айтқали Жайымов «Мерекелік ақжелең», Ермұрат Үсенов «Арақарағай арман-ай», «Шақшақ Жәнібек», Дж. Бизе «Кармен», Серік Еркімбеков «Дархан дала» сынды және т.б. шығармалар талғампаз тыңдарманға ерекше әсер сыйлады.

Поделиться: