Қостанай облыстық филармониясының камералық оркестрі жаңа музыкалық жобаны ұсынды

Өткен жылдар мен қазіргі заманның ең танымал хиттерін біріктірген «Karaoke концерт» Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында өтті.
Концерттің басты ерекшелігі – көрермендер залында микрофон орнатылып өнер сүйер көрермен әртістермен бірге қосылып ән шырқады. Бұл жаңашылдық талғампаз көрерменнің көңілінен шықты.
Кеште: «DosStar» тобы, Руслана Пономарева, Айсулу Туткушева, Арыстан Курманов, Азамат Ибраев, Ольга Янкова, Руслан Махамбетов, «Артист» вокалдық студиясы өнер көрсетті.

Поделиться: