Жастар сарайы концерт залында Наурыз мерекесіне орай «Әнім сен едің» концерті өтті. Мерекелік концертте Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрімен бірге облыстық филармонияның солистері өнер көрсетті. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына ұйымдастырылған тамаша кеште отандық композиторлардың танымал әндері, аспаптық шығармалары, халқымыздың музыкалық дәстүрлерін паш ететін туындылар шырқалды.
Кеш бағдарламасында Ш. Қалқаяқовтың «Ана туралы жыр»,
Н. Тіленидиевтің «Куә бол», Ә.Бейсеуовтің әндеріне попурри және басқа да көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған шығармалар орындалды.
Сан алуан әуезді әуендер кеш көрермендеріне шаттық пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.