Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында «Славянская песня» ансамблінің концерті өтті. «От сердца к сердцу» атты концерт әртістердің ерекше нөмірлері мен композицияларымен есте қалды. Облысымыздың бас сахнасында талантты ұжымның орындаған патриоттық әндері мен көркемдік шығармалары өңіріміздің музыка өнерінің інжу-маржандарының біріне айналды. Сахнада ансамбль әртістерімен бірге «Костанайские Зори» би ансамблі және облыстық филармонияның солистері өнер көрсетті.

Поделиться: