07 желтоқсан күні Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында V Халықаралық «Түркі Әлемі» фестивалі өтті.
«Түркі әлемі» – достық фестивалі. Халықтарды рухани жақындастыратын жарқын музыкалық жоба. Қостанай облысының өнердегі бойтұмары атанған халықаралық фестивальге биыл Башқұртстаннан, Қырғызстаннан, үздік әртістер келді.
Фестивальге дәстүрлі түркі мәдениетінің нағыз тасымалдаушылары болып табылатын жарқын орындаушылар қатысты: Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Ақжелең» ансамблі, «Дэрт» ансамблі /Башқұртстан/, «Күү булак» ансамблі /Қырғызстан/, және филармония солистері.