Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының орыс халық аспаптар оркестрі 2025 жылдағы алғашқы концертін берді. Бұл жолғы концерт көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Аталған ұжымның қырық жыл көркемдік жетекшісі әрі дирижері болған Анатолий Заруба сахнада соңғы рет өнер көрсетті. Ардагер дирижерді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов көпшілік алдында құттықтап, ұзақ жылғы еңбегіне алғыс білдірді.
Анатолий Васильевич 1985 жылдан бері орыс халық аспаптар оркестрінінің көркемдік жетекшісі әрі дирижеры болып қызмет етіп келеді. Музыкант ғана емес педагог ретінде де еңбегі ұшан-теңіз.