Н. Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің жаңа жобасы көрермен назарына ұсынылды.
Концерт бағдарламасындағы нөмерлер Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлынан бастап қазіргі заманғы композиторлардың, жергілікті авторлардың туындыларын қамтыды.
Жобаның мақсаты – Тобыл-Торғай өңірінің танымал композиторлары мен ақындарын насихаттай отырып, жергілікті өнерпаздармен шығармашылық байланысты нығайту.
Концертке халық арасында танымал әншілер шақырылып таңдаулы композициялар орындалып, көрермен көңілінен шықты, ұмытылып бара жатқан авторлардың мұралары жаңғыртылды.