Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Республика күніне арналған концерт өтті. Шарада филармонияның шығармашылық тобы мен солистері өнер көрсетті. Сондай-ақ, кеш қонақтары – елімізге танымал эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ұсынды. Көрермендер өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер мен әсерлі композицияларды ыстық ықыласпен қабылдады.

