Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының
"Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы" КМҚК

Іс-шаралар

Біз әлеуметтік желілердеміз

Құрметті өнер сүйер қауым! Біз интернет желісінде тек қана ресми сайтпен шектеліп қоймай, Сіздерге ыңғайлы болу үшін әлеуметтік желілерде парақшаларын ашып, YouTube арнасын іске қостық.

Инстаграм, Фейсбук парақшаларымызға жазылып, жоспарланған және өткізілген іс-шаралар бойынша уақытылы хабардар болыңыздар!

Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы 1944 жылы ашылып, мәдениет мекемесінің жоғары кәсіби мәртебесін сақтап қалған, әртістері мен ұжымдары облыстан тыс, алыс жерлерге танымал, Қазақстандағы көне мекемелердің бірі.

Алғашқы концерттік бағдарлама 1944 жылы 19 наурызда облыстық драма театрының ғимаратында көрсетілген еді. Оған Қаз КСР халық әртістері М. Қойшыбаев, Е. Өмірзақов, қытай симфониялық музыкасының негізін салушысы, композитор Си-Си-Хай, композитор А. Байқадамов, қостанайлық жас әртістер Р. Қасымов, С. Жақыпов, К. Жұманқұлова, Г. Бекмұхамедова, К. Әбенов, Н. Есмұхамбетова, К. Тілемісов, З. Сейдалина, К. Қойшыбаева және т.б. қатысты.

Бүгінде филармонияда беделді ұжымдар, вокалдық топтар, солистер тек еңбек етіп қана қоймай, ұлттық және әлемдік мәдениеттің дамуына қызмет етеді. Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы – бұл таланттардың шыңдалып және биіктейтін, үлкен кәсіпқойлықтың символы, біздің облыстың басты сахнасы