Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының концертмейстері.
Светлана Рачинская Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда 2000 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін фортепиано оқытушысы, музыка мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Аспаптарды кәсіби түре меңгеруі, әлем елдерінің музыкалық материалдарын терең білуі, орындаушылық шеберлігі филармонияның жетекші солистері С.Әбілов, Г.Үсенова, Н.Степанова, И.Коропецкийлердің орындауындағы дүние жүзі халықтары әуендерінің мазмұндық нәзік нюанстарын аспапшыға айырықша жеткізуге мүмкіндік берді.
Концертмейстер шығармашылығының ерекше кезеңдерінің бірі – әнші, Ұлттық музыка академиясының түлегі Гүлмира Үмбетовамен жұмысы. Бұл кезеңде педагог әрі концертмейстердің дарыны, жоғары музыкалық біліктілігі, ырғақты терең игеруі және өз ісіне деген ынта-жігері толық көлемде ашылды. Нәтижесінде шығармашылық дуэт жарқын жеңістерге қол жеткізді. Монсеррат Кабалье байқауында (Сарагоса қ., Испания) Светлана Игоревна концертмейстерлік шеберлігі үшін дипломмен марапатталды.
Музыка тарихын терең білуі, жоғары кәсібилігі және орындаушылық мәдениеті арқасында С.И. Рачинскаяға классикалық музыка бағытындағы «Махаббат пернесі», «Музыкасыз бір күн де өмір сүре алман» атты концерттік бағдарламалардың автор атанды. 2017-2018 жылдардағы концерт маусымында С.И. Рачинская Дж.Перголезидің «Қызметші-ханым» операсын қою жолында еңбек етті. 2020 жылы филармонияның жетекші солистерінің қатысуымен «Достар ортасында» («В кругу друзей») бағдарламасын әзірлеп, сахнаға алып шықты.
С.И. Рачинская солист-аспапшы ретінде филармония солистерімен, сондай-ақ Камералық оркестр және Орыс халық аспаптары оркестрі секілді ұжымдармен үкімет және шетел делегаттарының алдында музыкалық абонемент бағдарламаларында өнер көрсетіп, концерт қызметіне көп еңбек сіңірді.
Ол халықаралық байқаулардың лауреаты (2010, 2016, 2017), Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2009), ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгісімен марапатталған (2009).