Камерлық оркестр

Камерный оркестр Костанайской областной филармонии

Камерлық оркестр 2004 жылы құрылды. Филармония камералық оркестрының тұңғыш концерті Рудный қаласындағы музыкалық колледжінде өтті. Қысқа мерзім ішінде, бұл тамаша ұжым Қостанай облысының өнер сүйер қауымына танымал болды.

Оркестрдің басым бағыттары: Қостанай облысының және қаланың салтанатты шараларындағы классикалық музыканың қатысушылары, облыстың барлық аймақтарына концерттік турне,  түрлі жастағы көрерменді жаулап алатын алуан түрлі  репертуар, тақырыптық концерттер.

Камерный оркестр Костанайской областной филармонии Камерный оркестр Костанайской областной филармонии

Қазақстанның музыка өнерінің атақты майталмандары дирижер болған:

2004 – 2010 жж. Ерлан Бейсембаев — І -халықаралық симфониялық оркестрі дирижерлер сайысының лауреаты, Алматы қ.

2011 ж. Ғани Мырзабеков – «Қазақ ұлттық  өнер университетінің» түлегі.

2012 ж. Берік Оразалин – Н.Тілендиев атындағы халықаралық дирижерлер конкурсының дипломанты, Астана қ.

2013 жылдан бастап оркестрдің бас дирижёрі және шығармашылық жетекшісі Тарас Мызин болып табылады –  «Қазақ ұлттық өнер университетінің» түлегі.

Ұжымның есте қаларлық кезеңдері: Қостанай облысы бойынша концерттік турне,  Астана қ. «Қостанай мәдениет күндеріне» қатысу, жоғары шенді шенеуніктердің және ел басының алдындағы бірнеше мәрте өнер көрсетуі (2009 ж., 2014 ж.).

2014 жылы  оркестр шығармашылық қызметінің 10-жыолдық мерейтойын атап өтті.

2014 жылы  оркестр «Южноуральск-Зальцбург» 7 халықаралық фестиваль-конкурсы премиясының екінші лауреаты атағын жеңіп алды.

2015 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейінгіи аралықта оркестр дәстүрлі концерттерден өзге, новосібірлік  музыканттардың қолдауымен, Қостанайдағы тұңғыш «Қызметші-ханым» күлкілі операны дайындады.

Тарас Мызин дирижер пайда болғаннан бері, оркест жоспарлы концерттерден өзге, 5 жаңа тақырыптық концерттік бағдарламалар шығарады, бұл жақын және алыс шетелдердің симфониялық оркестрінің деңгейіне және репертуарлық жоспарына сәйкес келеді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған Жаңа жылдық, «Музыки для души» концерттері.

Ұжым репертуарында ұлы Вивальди, Гендель, Бизе, Легар, Штраус, Шуберт сынды классиктердің шығармаларынан өзге, заманауи комозиторлардың Александр Пахмутов, Игорь Крутой, Исаак Шварцтың да шығармалары бар. Сонымен қатар, ұжымның репертуарында Дж. Гершвин, Л. Андерсен, У. Кент, Дж. Уильямстың эстрадалық композициялары бар.

Ұжым Г. Үсенова, Г.  Абдуллина, Н. Құснетова, Г. Үмбетова, Н. Степанова, И. Коропецкий, А. Василевич сияқты филармонияның жетекші вокалисттерімен белсенді түрді қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Ұжыммен жұмыс жылдарында, ұжыммен мынадай ататқты музыканттар жұмыс істеді:

Анвар Нусуппаев — Астана қаласы симфониялық оркестрінің бас дирижері, скрипкашы;

Ахмедов Эхтибар Ахмедович – Новосібір музыкалық комедия театрының бас дирижёр-қоюшысы, «Золотая Маска» Ресей Ұлттық театралдық Премиясының лауреаты.

Ұжым музыканттарының арасында халықаралық конкурстарының лауреаттары, ҚР білім үздіктері, меценаттар премиясының лауреаттары Елизавета Мызина және Елена Тулупова. Музыканттар Қостанай қ. музыкалық қызметіне үлес қосқандары үшін, облыс әкімінің, білім министрлігінің мақтау қағаздарымен бірнеше мәрте марапатталған. Ұжымның 18-ден 22 аралығындағы жас орындаушылары, қазірдің өзінде халықаралық және республикалық конкурстарының жеке және ансамблдік номинациясында жеңімпаздар атанып жүр.

Қатысушылардың дарындылығы, күнделікті қажырлы еңбек,  орындалатын шығарма үнінің әдемілігін анықтай білді. Оркестрде ойнаушылардың өмірі қашанда қзыққа қанық және алуан түрлі. Ятамаша, кәсіби, өз істерінің шеберлері, жарқын  музыканттар ұжымы облыс шараларында салтанатты және мәртебелі өнер көрсетеді.