Қобыз сазы самғаған кеш

QOSTANAI TAŃY

 

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның белгілі өнерпазы, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Батырбек Байназаровтың 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық кеші өтті.

 

Қазақтың қылқобызын қырық жыл қолынан тастамаған хас күйшінің өнерін тамашалауға халық аз жиналған жоқ. Аңыз аспаптың шанағынан төгілген құдіретті үн, мұңлы қою саз тыңдарманның көкірегін ерекше сезімге толтырғаны анық.

 

 

Мерейтой иесі қылқобыз сүйемелімен сахнада жеке де, оркестрмен де сан алуан күй ойнады. Тіпті, домбыра, барабан, гитара, пианино аспаптарымен айрықша үйлесімді композициялар да тарту етті.

 

 

 

 

Айта кету керек, Б.Байназаровтың кешіне, жергілікті өнерпаздармен қоса, Астана, Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларынан өмірдегі, өнердегі достары, елге есімдері белгілі әртістер арнайы келді. Олар да жиылған көпшілікке өнерлерін паш етіп, ықылас-қошеметке бөленді.

 

 

 

Кеш иесіне Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жапты. Мақаланы толығырақ газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

 

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков