Назымбек тартқан тоғыз күй

Қостанайлық күйші Назымбек Молдахметовпен Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде қызмет етіп жүрген кезімде таныстым. Оркестрдің кезекті өнер сапары 2004–2005 жылдары Қостанай өңірінде өткен. Бір топ өнерпаз Назекеңмен сағына көрісіп, мәз-мейрам күй кешкен. Кешке қонақасы беріліп, соңы күй кешіне ұласты. Алғаш рет күй шерткенін осы кеште тыңдадым. Бір күйді екіншісіне ұзатпай жалғап, ерекше шабытпен төгілтіп тартты. Күйшінің тегеурінді дыбысы мен адуын екпіні есте қалды.

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы мен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы арасында шығармашылық байланыстар орнатылды

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы Сүндет Байғожин Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнның басшысы Жеңіс Сейдуллаұлымен кездесіп, мекемелер арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар әртістердің тәжірибе алмасуына барынша жағдай жасап, бірлескен түрлі шараларды ұйымдастыруға және жаңа жобалармен жұмыс жасауға уағдаласты.

«Мақсатым қол қойылған келісім шартты іс жүзінде жоғары деңгейде орындау. Пандемия уақытын тиімді пайдала отырып, осындай келісімдерді ретке келтіргеніміз жөн. Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге одан әрі қол жеткізіп, табысты жұмыс істеуімізге септігі тиеді», – деді филармония басшысы С. Байғожин.  

Кездесу барысында филармония басшысы Сүндет Абдрахманұлы өнердің киелі ордасын 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, екі мекеме арасындағы әріптестік қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретіндеріне сенім білдірді.

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы мен Қазақстан Композиторлар одағы арасында шығармашылық және кәсіби байланысты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы Сүндет Байғожин және Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Серікжан Абдинуров қол қойды. 

«Бұл өте маңызды келісім-шарттың бірі. Біз Қазақстанның белгілі композиторларымен тығыз әріптестік байланыста болуымыз керек. Алдағы уақытта концерттік бағдарламаларымызды белгілі композиторлардың жаңа шығармаларымен толықтырып, біздің сахнамызда орындайтын боламыз», – дейді филармония басшысы С. Байғожин.

Шығармашылық, мәдени байланысты нығайту негізінде жасалған келісім аясында бірлескен жобалар, музыкалық шаралар қолға алынбақ.

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы арасында шығармашылық байланыстар орнатылды

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы Сүндет Байғожин Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ерлан Дакеновпен кездесіп, екі мекеме арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

«Мұндай шығармашылық байланыстар мен қарым-қатынастардың кең болуы өте маңызды. Мәдени әріптестігіміз жаңа деңгейге көтеріліп, тек кеңейе беретініне сенімдімін», – деді филармония басшысы С. Байғожин.

Меморандумның негізгі мақсаты – екі жақ барлық техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, шығармашылық кештер мен гастрольдік сапарларда өзара қолдау көрсетіп, шығармашылық кештерге байланысты ақпараттарды бөлісуге септесу.

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы Қазақ ұлттық хореография академиясымен ынтымақтастық келісімге қол қойды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Қазақ ұлттық хореография академиясында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы Сүндет Абдрахманұлы Байғожин Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Абдуахимқызы Асылмұратовамен кездесті.

Кездесу барысында әртістер мен студенттердің кәсіби тәжірибесін ақысыз негізде өткізу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, тараптар өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестік қатынастарды дамыту туралы келісті.