«Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблі

Көркемдік жетекшісі – Ыбырай Есжанов.
«Ақжелең» фольклорлық ансамблі 1994 жылы құрылды.         
Ұйымдастырушы және көркемдік жетекшісі Назымбек Молдахметов болды.
Фольклорлық ансамбль үшін Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптары бөлімінің студенттерінен болашақ музыканттар іріктелді.
Ансамблді құрудың негізгі мақсаты: көне қазақ халық аспаптарының дыбысталуын қайта жаңғырту, дала халқының фольклорлық–этнографиялық шығармаларының әуенділігі мен тереңдігін жаңғырту болды.
Репертуардың негізін қазақ фольклорының жанрлары – күйлер, термелер құрайды. Ансамблдің өзіндік ерекшелігі орындалатын шығармалардың алғашқы дыбыстарынан-ақ айқын көрінеді. Ұжым Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет  Өтемісұлының және басқа да көрнекті қазақ композиторлардың шығармаларының тереңдігін тыңдарман қауымның жүрегіне жоғары шеберлікпен жеткізеді.
«Ақжелең» – халық аспаптарында орындаушылардың көптеген конкурстары мен фестивальдерінің лауреаты. Еліміздің және шетелдің беделді концерттердің қатысушысы.

Жетістіктері мен марапаттары:      

  • «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты (Астана қ., 2003 ж. );
  • ТМД және Балтық елдері халық шығармашылығы Халықаралық фестивалінің дипломы (РФ, Растов-на-дону қ., 2004 ж.);
  • Халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің Халықаралық байқауының лауреаты (Корея, 2005 ж.);
  • Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2008 ж.);
  • «Еуропадағы қазақтар құрылтайы» қатысушы дипломы (Франция, Германия);
  • «Рамазан кеші» Халықаралық мұсылман халықтары фестивалінің қатысушы дипломы (Египет, 2018 ж.);
  • Италиядағы «Паранзас Этноданза» 43-ші Халықаралық би және музыка фестивалінің қатысушы дипломы (Сардиния, 2019 ж.).

Молдабеков Сапар Әлімжанұлы

«Тұмар» вокалдық тобының жетекшісі.

«Мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталған.
1993 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне түсіп, 1998 жылы «Музыка және ән айту» мамандығын бітірді.
Композитор, вокалист. 2019 жылдан  бастап «Тұмар» вокалдық тобының жетекшісі.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталды (2019 ж.).

Харина Ксения Николаевна

      Қостанай педагогикалық колледжін, Челябі мемлекеттік педагогикалық университетін үздік бітірді.  2004 жылдан бастап облыстық филармонияның «Костанайские зори» би ансамблінде жұмыс істейді. Хореограф және «Зарянка» балалар би театрының жетекшісі.
      «Зарянка» төрт топтан құралған. Олардың әрқайсысында шамамен 20-дан астам биші бар. Барлық балалар қойылған би композицияларды, хореографиялық материалдарды еркін меңгерген. Аталған ұжым филармония концерттеріне, қалалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысып, Қазақстан мен Ресейде өткен халықаралық хореографиялық өнер байқауларының лауреаттары болып табылады.

      Марапаттар:

  • Қостанай меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты (Қостанай, 2016 ж.).

Абрамова Светлана Анатольевна

      Жоғары кәсіби (хореографиялық) білімі бар. 2002 жылдан бастап Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Костанайские зори» халық би ансамблінің бишісі. 2005 жылы балалар хореографиялық студиясын ұйымдастырып, ол «Зарянка» балалар би театрына айналды. Бүгінгі таңда «Зарянка» Қостанай мен облыстың мәдени өмірінің жарқын қатысушысы.
      Светлана Абрамова хореография саласындағы жетекші мамандардың шеберлік сабақтарына, семинарларға қатыса отырып, кәсіби біліктілігін үнемі арттырады.

Кривова Елена Владимировна

«Костанайские зори» хореографиялық би ансамблінің жетекшісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Президентінің Жарлығы (2018 ж.).
1992 жылы Қостанай мәдениет училищесіне түсіп, оны 1995 жылы «Мәдени-демалыс қызметі» мамандығы бойынша бітірді.
1996 жылы Челябі мемлекеттік педагогикалық университетіне түсіп, 1999 жылы хореография факультетін бітірді.
2009 жылы Челябі өнер және мәдениет академиясында «Көпшілік қойылымдарының режиссері» мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, 2014 жылы бітірді.
1994 жылдан бастап Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Костанайские зори» халық би ансамблінің балетмейстері болып жұмыс істейді
Ресейде (Челябі, Тюмень, Екатеринбург) өткізілетін хореографиялық өнер фестивальдерінің халықаралық қазылар алқасының тұрақты мүшесі.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2010, 2017 ж.ж.);
  • «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Президентінің Жарлығы (2018 ж.);
  • ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаты (2018 ж.);
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2019 ж.).