Молдағалиев Талғат Назарханұлы

2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсіп, оны 2005 жылы «Халық әні» мамандығы бойынша бітірді.
2005 жылы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясына солист-аспапшы қызметіне қабылданды.
Оның концерттік бағдарламаларына Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ахмет Байтұрсынов, Әсет Наймановтардың және заманауи композиторлар Д. Рақышевтің, С. Мұхамеджановтың, М. Жанболатовтың вокалдық шығармалары енеді.
Әнші жергілікті ақындардың шығармашылығын зерттеумен белсенді айналысып,  өзінің репертуарына Б. Наушабаевтың, А. Байтұрсыновтың, И. Омаровтың, Н. Ахметбековтің және т.б. ақындардың шығармаларын қосуда.
Ол Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпеисова, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы және басқа да күйшілердің шығармаларын асқан шеберлікпен орындайды.
2019 жылы Талғат Молдағалиев «Атадан мирас асқақ ән» атты жеке концертін дайындап, сәтті өткізді. Республикалық «Мен қазақпын» тележобасында асқан шеберлікпен өнер көрсетті.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Қостанай меценаттар клубының лауреаты, «Вокал» номинациясы (2010 ж.);
  • Ә. Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың Қали Байжанов атындағы арнайы сыйлығының лауреаты (Қарағанды қ., 2011 ж.);
  • Әсет Найманов атындағы республикалық байқаудың лауреаты (Семей қ., 2012 ж.);

Степанова Наталья Александровна

1992 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, оны 1997 жылы «Музыка және ән» мамандығы бойынша «Академиялық вокал» біліктілігі бойынша бітірді.
2008 жылдан бастап Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі болып жұмыс істейді.
Сахнада орыс халық аспаптар оркестрімен және камералық оркестрмен өнер көрсетеді. Репертуарында опералық ариялар, романстар, танымал оперетталардың әндері бар. Ол вокалдық шығармаларды орыс, қазақ, итальян, француз, неміс, ағылшын тілдерінде шебер орындайды. Италияның Пезаро қаласындағы опера студиясында тағылымдамадан өтті.

Жетістіктері мен марапаттары:       

  • Бүкілресейлік «Я концертмейстер» конкурсының дипломанты (РФ, Мәскеу қ., 2013 ж.);
  • «Opera studio di Pesaro Italia» дипломы, Халықаралық опера студиясы (Пезаро, Италия, 2014 ж.);
  • «Южноуральск – Зальцбург» Халықаралық байқауының дипломанты (РФ, Оңтүстік-Уральск қ., 2014 ж.);
  • Қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этностық топтардың халықаралық конкурс-фестивалінің дипломанты (Астана қ., 2015 ж.).

Квитка Ольга Викторовна

1999 жылы Қостанай педагогикалық колледжіне түсіп, оны 2001 жылы «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық» мамандығы бойынша бітірді.
2009 жылдан бастап облыстық филармонияның әншісі болып жұмыс істейді.
Орыс, украин халық әндерін, сыған романстарын, қазіргі авторлардың әндерін үздік орындайды.
2012 жылы орыс халық аспаптар оркестрімен жұмыс істегеніне 10 жыл толуына арналған «В русской песне моя душа» атты алғашқы жеке бағдарламасын шығарды.
2018 жылы П.И. Чайковский атындағы Оңтүстік Орал мемлекеттік өнер институтында Ақпарат және қосымша кәсіби білім беру орталығында ғылыми-әдістемелік «Халық ән мәдениетінің дәстүрлері: игеру әдістемесі және орындау ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Шекарасыз ән» І Халықаралық мәдени орталықтар фестивалінің дипломанты (Астана қ., 2016 ж.);
  • «Жұлдызды Олимп» II Халықаралық байқауының бас жүлдегері (РФ, Қорған қ., 2018 ж.);
  • «Людмила Зыкинаға арнау» халықаралық халық әндері байқауының III дәрежелі лауреаты (РФ, Новосібір қ., 2019 ж.);
  • «Золотые кружева» VIII халықаралық халық шығармашылығы фестиваль-байқауының I дәрежелі лауреаты (РФ, Мәскеу қ., 2019 ж.).

 

 

 

 

Үмбетова Гүлмира Жұмагелдіқызы

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
2000 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясына түсіп, 2005 жылы «Опера әншісі» біліктілігін алды.
2008 жылы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде (Астана қ.) оқуын жалғастырып, 2013 жылы өнертану магистрі дәрежесін алды.
2005 жылдан бастап облыстық филармонияда опералық-концерттік жанрдағы солист-вокалист лауазымында жұмыс істейді.
Репертуары: Гайдн, Глюк, Пуччини, Гершвин, Төлебаев операларынан ариялар, сонымен қатар танымал оперетталардың басты партиялары, романстар.
«Жастар» сарайы және Астана қаласының Президенттік мәдени орталығы, сондай-ақ жақын және алыс шетел сахналарында өнер көрсетті:

  • 2010 жылы Финляндияның Юваскиль қаласында жеке концерті өтті;
  • 2013-2014 жылдары Италияның Пезаро қаласындағы Халықаралық опера студиясында бір жылдық тағылымдамадан өтті. Ол Дж.Россини театрында Глюктің «Орфей және Эвридика» операсында Евридика партиясында өнер көрсетті.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен (Алматы қ.), Астана Академиялық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрімен (Нұр-Сұлтан қ.) партияларды орындады.

Жетістіктері мен марапаттары: 

  • Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық байқаудың III сыйлық лауреаты (Астана қ., 2012 ж.);
  • Монсеррат Кабалье атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты (Испания, 2013 ж.);
  • «ХХІ ғасыр өнері» Халықаралық фестивалінің Бас жүлдесі (Италия, Австрия, 2014 ж.);
  • «Жұлдызды олимп» Халықаралық байқаудың I сыйлық лауреаты» (РФ, Мәскеу қ., 2018 ж.);
  • «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2019 ж.).

Үсенова Гүлнар Рашитқызы

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
1979 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, оны 1987 жылы «Ән айту» мамандығы бойынша бітірді.
1993 жылы Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына солист-вокалист болып қабылданды.
Репертуарында: Д.Пуччини, Д. Верди, М. Глинка, П. Чайковский, и. Штраус, Ф. Лист, сондай-ақ, К. Деріпсалдин, Б. Сәуекенов, В. Буланов сияқты жергілікті авторлардың шығармалары бар.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының «Вокалдық өнер» номинациясы бойынша лауреаты (2003, 2012 ж.ж.);
  • «Еуропа-Азия» V Халықаралық фестивалінің дипломанты (РФ, Магнитогорск қ., 2013 ж.).
  • «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2017 ж.).

 

Жақсан Нұржан Оразалыұлы

2001 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түсіп, 2006 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Музыкалық білім» мамандығы бойынша аяқтады. 2008 жылы Қостанай облыстық филармониясына солист-вокалист ретінде қабылданды. 1997 жылдан бастап, түрлі дәрежедегі конкурстарға қатысып, дипломант және лауреат атанды. Стокгольм (Швеция), Хельсинки (Финляндия) қалаларында өткен халықаралық музыкалық фестивальдерге гастрольдік сапармен барып, қатысты.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Болашақ» халықаралық фестивалінің лауреаты (Қостанай қ., 1999, 2000 ж.ж.);
  • Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Әнім сенсің, жырым сенсің Қостанай» облыстық байқауының дипломанты (2016 ж.);
  • «Қостанай әуендері» облыстық фестиваль-байқауының дипломанты (2019 ж.).

Полковникова Евгения

2000 жылы Челябі өнер және мәдениет Академиясына, фольклор кафедрасына (Г.А. Архипова сыныбы) оқуға түсіп, оны 2006 жылы бітірді.
Сол жылы Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына «Былина» фольклорлық ансамблінің ұйымдастырушысы және жетекшісі қызметіне шақырылды.
2008 жылы «Былина» фольклорлық ансамблінің алғашқы жеке концерті өтті. Қазіргі таңда, Евгения Полковникова – облыстық филармонияның әншісі болып жұмыс істейді.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Достық керуені» республикалық фестиваліне қатысқаны үшін алғыс хат (Ақтөбе қ., 2013 ж.);
  • «В зимнем вихре» Халықаралық вокалистер байқауының І дәрежелі лауреаты (РФ, Мәскеу қ., 2020 ж.).

 

Санай Айжан Мейрамбекқызы

2015 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне түсіп, оны 2018 жылы «Балалар музыка мектебінің оқытушысы және дәстүрлі әндерді орындаушы» мамандығы бойынша бітірді.
2018 жылдың тамыз айынан бастап Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі болып жұмыс істейді.  

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Астана қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Отаным деп ән шырқайық» байқауында I орын (Астана қ., 2009 ж.);
  • «Менің елім» патриоттық әндер байқауының үздік орындаушысы (Астана қ., 2009 ж.);
  • «Асыл мұра» ұлттық өнер байқауының дәстүрлі ән жанрының жеңімпазы (Астана қ., 2010 ж.);
  • «Ақ көгершін» V Халықаралық байқауының Бас жүлдегері (Астана қ., 2011 ж.);
  • «Бабалар сазы» республикалық дәстүрлі ән байқауының Бас жүлдегері (Қостанай қ., 2018 ж.).

Намиялы Динара Нұржанқызы

2011 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түсіп, оны 2015 жылы «Өнертану» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде оқуын жалғастырып, оны 2018 жылы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының солист-вокалисті болып қабылданды.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Қазақ мәдениетінің 6-шы Халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (РФ, Мәскеу қ., 2018 ж.);
  • Қостанай меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты (2019 ж.).

 

Латышев Павел Владимирович

 2009 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, оны 2014 жылы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы РФ Омбы мемлекеттік педагогикалық университетіне оқуға түсті. 2018 жылы «Педагогика ғылымдарының магистрі» біліктілігін алды. 2012 жылы Қостанай облыстық филармониясына аспапшы-солист лауазымына қабылданды.