Жетекшісі –  «Ерен еңбегi үшiн» төсбелгісінің иегері Елена Кривова;
Жетекшісі – «Мәдениет саласының үздiгі» құрмет белгісінің иегері Елена Борская.
Ансамбль 1971 жылы құрылған. 1997 жылдан бастап облыстық филармония құрамына кірді. Қазіргі уақытта ұжымды Елена Кривова мен Елена Борская басқарады.
«Той-бастар», «Қара жорға», «Бахор», «Үнді биі», «Полонез», «Қызыл алма», «Грек сюитасы» сынды жарқын билері – хореографиялық репертуардың шағын ғана бөлігі және ол үнемі жаңа би композицияларымен толықтырылады. 
«Костанайские зори» би ансамблі үкіметтік концерттердің қатысушысы және «Каспий – достық теңізі», «Приуралье встречает друзей», «Алтын алма», «Шабыт – Миллениум» фестивальдерінің лауреаты.
Ұжым Болгарияға, Германияға, Өзбекстанға, Башқұртстанға, Украинаға гастрольдік сапармен барды. Ресейдегі Қазақстанның Мәдениет күндерінің концерттік бағдарламаларына белсенді атсалысып, Франция, Корея, Италия, Германияда хореографиялық өнер фестивальдеріне қатысты.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Халықаралық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (Франция, 2003 ж.);
  • Халықаралық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (Оңтүстік Корея, 2011 ж.);
  • Халықаралық Халық биі фестивалінің лауреаты (РФ, Уфа қ., 2013 ж.);
  • Халықаралық би фестивалінің ІІІ дәрежелі дипломы (РФ, Липецк қ., 2013 ж.);
  • Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2016 ж.);
  • Италиядағы халықаралық халық шығармашылығы байқауының лауреаты (Сардиния, 2019 ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.