Отбасылық дуэт. «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегерлері.
Майра мен Қадыр Қаржауовтар 1973 жылы Абай атындағы опера және балет театры жанындағы Алматы вокалдық-хор студиясына түсіп, оны 1975 жылы «Хор әртісі» біліктілігі бойынша бітірді.
1977 жылдан бері Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында солис болып жұмыс істейді. Репертуарларында ұлттық классика, халық әндері, Қазақстанның заманауи композиторларының, Шығыс елдері авторларының шығармалары бар.
Отбасылық ансамбльдің жоғары шеберлігін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесуі кезінде жеке атап өтті.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • Қорған облысының губернаторы Богомоловтың алғыс хаты (РФ, Қорған қ., 2000 ж.);
  • «Вокал» номинациясы бойынша меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаттары (2007, 2012 ж.ж.);
Поделиться: