ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ (QOSTANAI-TV)

«Дегдар» гуманитарлық қоры қостанайлық тыңдарман қауымға естен кетпес ерекше кеш сыйлады. Аталмыш қор сапындағы музыканттар жергілікті жұртшылыққа классикалық өнердің інжу-маржандарын паш етті. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерт залында өткен қайырымдылық кеште Тимур Урманчеев, Медет Шотабаев секілді елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер өз өнерлерін көрсетті.

Подробнее

Құлақтан кіріп, бойды алған…

МАҚАЛА АВТОРЫ QOSTANAI TAŃY · 23.01.2019 «Дегдар» қайырымдылық қоры қостанайлықтарға классикалық керемет музыка кешін сыйлады. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерт залында өткен мәдени шарада Динара Базарбаева-Сахаман, Тимур Урманчеев, Мұрат Нарбеков, Медет Шотабаев секілді елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер өнерлерін көрсетті.

Подробнее

ӨҢІР МАҚТАНЫШЫ

Қазақстанның халық әртісі Елубай Өмірзақов хақында Таран ауданының тумасы Қазақ өнерінде есімдері алтын әріппен жазылған ерекше тұлғаның бірі – біздің даңқты жерлесіміз Елубай Өмірзақов екендігі айдан анық. Мәдениетімізді өркендетуде өшпес іздерін қалдырған Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Әнуар Боранбаев секілді дарынды өнер өрендерін де жақсы білеміз. Біздің Елубай ағамыз 1899 жылы 1 қаңтарда облысымыздың Таран ауданында […]

Подробнее

Б.БАЙНАЗАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

“QOSTANAI” TV Ол еліміздің мәдениетіне мол үлес қосып, қазақтың қара қобызын шетелге танымал еткен. Ұлттық аспаптан төгілген қоңыр әуезбен тыңдарманын тәнті еткен. Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда қобыз үнімен биік белестерді бағындырып жүрген өнерпаз Батырбек Байназаровтың шығармашылық кеші өтті.

Подробнее

«Қобыз аңыз»: Филармониядағы өткен кеш осылай аталды

“Наш Костанай” газеті   Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда аталмыш өнер ұжымының қобызшысы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Батырбек Байназаровтың 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш болып өтті.

Подробнее

Қобыз сазы самғаған кеш

QOSTANAI TAŃY   Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның белгілі өнерпазы, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Батырбек Байназаровтың 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық кеші өтті.

Подробнее

Оркестрге он жыл

Qostanai tańy gazeti Осыдан он жыл бұрын Қостанайдағы Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның жанынан алғаш рет қазақтың ұлт-аспаптар оркестрі құрылды. Содан бері өнер ұжымы облыс, республика сахналарынан бөлек халықаралық байқауларда бақ сынап, талай жүлдені қанжығасына бөктерді.

Подробнее

Ticketon – жаңа мүмкіндік

“Қостанай таңы” газеті   Ел ішінде үлкен сұранысқа ие ticketon.kz сайты қостанайлықтар үшін де қолжетімді. Бұл мүмкіндік Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға да жеткелі біраз уақыт. Филармония директоры Дәмір Қалқаевтың сөзінше, кез келген қостанайлық өздеріне ұнаған концерттік бағдарлама не қойылымдарды таңдап, тез арада, еш әлексіз ғаламтор арқылы билетке тапсырыс бере аласыз.

Подробнее

«ҚазАқпарат»: Атырауда 3 күнге созылған халықаралық оркестрлер фестивалі аяқталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – 22 қазанда басталған фестивальдің гала-концертін 2000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Подробнее

«Ақ Жайық» газеті: Атырауда халық оркестрлерінің халықаралық фестивалі өтіп жатыр

22 қазанда Атырау төрінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның 15 өнерпаздар ұжымы қатысатын Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған ұлт-аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі басталды. Атаулы шара Балықшыдағы «Жастар» мәдениет үйінде басталып, тағы екі күнге жалғасады.

Подробнее

Құттықтаймыз!

Болашаққа бағдар “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, Жангелді ауданының 90 жылдығы, Торғай қаласының 150 жылдығы, Шақшақ Жəнібек бабамыздың 325 жылдық мерейтойларына арналған “Бабалар сазы” атты республикалық дəстүрлі əн байқауында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының дəстүрлі əншісі Санай Айжан бас жүлдені жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Подробнее