ӨНЕРДЕГІ ДАРА ЖОЛ

Сынаптай сырғып өтіп жатқан жылдар-ай десеңізші. Арамыздағы жайсаң мінезді, жаны – жаз, көңілі – көктем ініміз Назымбек Молдахметов те ердің жасы елуге жақындап қалыпты. Көпшілікке мәлім, Қостанай ежелден өнер және мәдениет қайраткерлерімен, ақын-жазушыларымен аты шыққан. Қазір де олардың дара жолын жалғастырып жатқан азаматтар жеткілікті. Солардың арасында күйшілік өнерімен барша қазақтың мақтанышына айналған Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның басшысы, дәулескер күйші Назымбек Молдахметовтың  руханиятымызда алатын орны ерекше.

Таланты ерте байқалды

Әрине, ол осындай биікке өзінің маңдай тері, адал еңбегімен жетті. Қаншама атақ-дәрежеге ие болса да, өзін басқалардан жоғары қойғанды жаны сүймейді. Бұл, бәлкім, кішкентайынан алған тәлім-тәрбиесінен де болар, үлкендерді көрсе, сонадайдан жақындап, аса бір ілтипатпен сәлемдесіп жатқанын көресіз.

Мұндай жігітті кім жек көрсін. Адамгершілігі де өте жоғары. Ал, үлкен сахнаға үстіндегі тігілген ұлттық киімі   жарасып шыға  келгенде  тіпті  танымай  қаласыз.

Ол қазақтың қара домбырасын қолына алып, үлкен сахнаға шыға келгенде нағыз өнер үшін туылған жан екендігін байқау да қиын емес. Бұған өзіміз талай рет куә де болдық. Көкірегімізді бауырымыз үшін мақтаныш кернегені де жасырын емес.http://qazaq1913.com/2020/02/22/nerdegi-dara-zhol/